«Жас өркен» шағынауданында жаңа емхана ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін «Жас өркен» шағынауданында жаңа емхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы 2021 жылдың қазан айында басталған болатын. Биыл көптен күткен нысан қолданысқа берілді. Екі қабатты ғимаратты тұрғызуға және оны толық жарақтандыруға 2 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бірінші қалалық емхананың филиалы саналатын медициналық орталық «Жас өркен» шағынауданының 34 мың тұрғынына қызмет көрсетпек.

–Соңғы жылдары «Жас өркен» шағынауданында көпқабатты зәулім үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп жатыр. Бұған дейін Спорт сарайы, Оқушылар сарайы, теннис орталығы мен қазақ сазды-драма театры қолданысқа берілсе, енді міне жаңа денсаулық сақтау мекемесі тапсырылды. Жергілікті тұрғындар алыс бармай-ақ медицина қызметтерін пайдалана алады, — дейді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

photo 5314336238943194926 yphoto 5314336238943194924 y

Емхана бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады.

— Бірінші қалалық емхананың филиалы деп атанғанымен, негізгі қызмет осы жерде көрсетіледі. Өйткені жаңа емхана қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Медициналық қызметкерлерді ауыстырамыз, қосымша 50-60 маман алынады. Тұрғындар мекенжайы бойынша осы емдеу мекемесіне қаралады, нәтижесінде бұрынғы емханаға түсетін күш екі есе азаймақ, — дейді Петропавл қалалық емхананың директоры Николай Новиков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz