Облыста иісшіл иттер 100 келіден астам есірткі затын анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 100 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 1 маусымнан бастап өткізілетін «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкері Болат Бекмағамбетовтің бастамасымен жүрген лабрадор Бэлла жеке үйді тінту кезінде қолданылды. Жұмыс барысында ол өсімдік тектес затпен полимерлі пакеттер жатқан жерді тауып алды.

Үйдің аумағында Бэлла құрылыс қоқыстары мен ескі темір пештің астына жасырылған пакетті тапты. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттардың салмағы 6 келіден асатын марихуана және салмағы 49 грамм болатын гашиш болып шықты.

– Бүгінгі таңда СҚО-да 50 қызметтік-іздестіру иті қылмыспен күресуге көмектеседі. Оның 22-сі кинологиялық қызмет орталығында, қалғандары қалалық басқармада және аудандық полиция бөлімдерінде ұсталуда. Әрқайсысы жеке “бағдарлама” бойынша оқытылған: із жұмыстары, одорологиялық сараптама, есірткі заттарын іздеу және тағы басқалар. 9 ай ішінде 373 жағдайда қызметтік-іздестіру иттері ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды ашуда қолданылды. Қызметтік иттерді пайдалану арқылы 281 қылмыс, оның ішінде 121 ұрлық ашылды, – дейді СҚО ПД КҚО бастығы Самат Төлебаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz