Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Астана әкімінің орынбасары лауазымына Евгений Глотов лайық деп танылды.
Евгений Глотов еңбек жолын «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-да бастады. Әр жылдары «Ауыл жастары одағы» ҚБ, «GP group» ЖШС-де жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.
Соңғы жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.