Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын,- делінген Президент Жарлығында.

Тамара Босымбекқызы еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
1988-1992 жылдары Өзбек КСР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді.
1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі;
1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы;
1994-1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;
1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице — министрі;
2006 — 2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2008 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
2014- 2017 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
2017-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.
2019- жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығын басқарды.
2020- жылдан Қазақстан Президентінің көмекшісі қызметін атқарып келді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz