Қаланың коммуналдық қызметтері қысқа дайын. Бұл туралы облыс орталығының басшысы Серік Мұхамдеиев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі жазбада қала әкімі соңғы күндері ауа райының күрт суытып, шаһар жолдарын мұз басқанын алға тартып, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолда абай болуларын сұрады.
– Біз қысқы маусымға толық дайынбыз. Жолдар, жаяу жүргінші жолдарын, аялдамаларды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу үшін 2200 текше құм-тұз қоспасы әзірленді. Таңғы уақытта кей жерлерде көктайғақ байқалады. Сондықтан біз жұмысты бастап кеттік. Қысқы уақытта жолдарды күтіп-ұстау үшін 160-тан астам арнайы техника жұмылдырылатын болады. Қажет болған жағдайда техниканың санын арттырамыз, – деп жазды қала әкімі.