Есірткі таратқан 18 жастағы жігіт ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 730 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД-ның мәліметінше, есірткі таратумен айналысқандардың дені – 17 мен 25 жас аралығындағылар. Жақында полицейлер Петропавлда синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен жас жігітті ұстады.

18 жастағы жігіттің жуырда оқуын тастап кеткені белгілі болды. Оңай олжа тапқысы келген ол Я.Гашек көшесінің бойында есірткіні жасыру кезінде құрықталды. Одан кристалл тәрізді көгілдір түсті зат бар 19 зиплок пакеті салынған екі түйіншек және сарғыш түсті 10 пакет тәркіленді. Сондай-ақ 2 зиплок пен 3 түтік табылды.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 25,15 грамды құраған α-PvP психобелсенді есірткісі екені расталды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

– Жас жігіттің айтуынша, ол есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде 3 ай жұмыс істеген. СҚО-да есірткі жасырушылар орташа есеппен 2-3 ай ғана жұмыс істеп үлгереді. Кейін полицияның қолына түседі. Ал есірткі сатушылар оңай ақша тапқысы келіп жүрген немесе бір ғана доза үшін жұмыс істеуге дайын адамды қашықтан іздей бастайды, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

СҚО полицейлері 9 айдың ішінде есірткі өткізді деген күдікпен 102 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты, олардың 48-і – 17 мен 25 жас аралығында. Тәртіп сақшылары есірткі қылмысы үшін көзделген жауапкершілік туралы жастарға түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Жыл басынан заңсыз айналымнан 730 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 2 келі 287 грамы синтетикалық есірткілер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz