СҚО — ең көп темекі шегетін өңір

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда бір отбасы темекі өнімдеріне жылына 12 мың теңгеден астам қаражат жұмсайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«EnergyProm» деректері бойынша жыл басынан бері  елімізде  жалпы құны 11,6 млрд. теңге болатын  темекі, сигарет, папирос және басқа да осыған ұқсас бұйымдар өндірілген.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға аз. Бірақ 2023 жылдың жеті айында жергілікті компаниялар темекі түрлеріне деген сұранысты   58, 7 пайыздың орнына  76,3 пайызға қамтамасыз еткен. Импорт үлесі 23,7 пайызды  құрайды, яғни елге 3,1 млрд теңгенің темекі бұйымдары әкелінген. Экспортқа 2,8 млрд темекі өнімдері  жөнелтілген. Ішкі нарықта сату бір жылда 23,4 пайызға болмса 10,2 млрд. теңгеге қысқарған.

Ал осы жылдың екінші тоқсанында темекі өнімдеріне үй шаруашылықтарының шығыстары бір жылда 12,2 пайызға өскен. Темекі шегу жөнінен ең көп үлес Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі.  Әр отбасы  темекі өнімдеріне орта есеппен 23 мың теңге жұмсаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға артық. Көшбасшылар үштігіне Ақмола (22,7 мың теңге) және Қарағанды (20,8 мың теңге) облыстары  кіреді.

Маңғыстау облысының тұрғындары темекі өнімдеріне жылына орта есеппен 3,5 мың теңге ғана жұмсаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz