Жексенбі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Салтанатты шарада сала мамандарын облыс әкімінің атынан оның орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Елімізде 2011 жылдан бастап әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің төл мейрамы тойланып келеді. Қазанның соңғы жексенбісінде белгіленген мереке қарсаңында дүйім жұрт қалалық Мәдениет үйінде жиналды. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев өңір басшысының құттықтауын жеткізді.

– Әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбегі орасан. Олар кішкентай сәбимен, орта және аға буын өкілдерімен бірдей тіл табыса алатын азаматтар ретінде танылуда. Мейірімділік, қамқорлық сияқты ізгі қасиеттердің арқасында көмекке мұқтаж жандарға демеу көрсетуде. Осы мүмкіндікті пайдаланып, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Қызметтеріңіз өрге баса берсін, — деді Қанат Дүзебаев.

Мереке қарсаңында әлеуметтік қорғау жүйесінің 17 қызметкеріне министрлік пен облыс басшылығы атынан Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар табысталды. Салтанатты шараның соңы концертке ұласып, қала өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz