17 мас жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері төрт күннің ішінде көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында облыс жолдарында мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 25 адам түрлі дене жарақатын алды.

Жыл басынан бері облыста «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 рет өткізілді. Тәртіп сақшылары 26-29 қазан аралығында жолдарда күшейтілген тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 4 күнде 17 мас жүргізуші ұсталды.

– Барлық жүргізушілер әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады. Алкогольдік масаң күйде көлік басқару –жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпті. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл құқық бұзушылықпен күрес қатаң түрде қолға алынған, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

«Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жылдамдықты арттырудың – 75, жолдың қарсы бөлігіне шығудың – 2 және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің 22 дерегі анықталды. Сондай-ақ көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен – 99 және қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаған 145 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz