ЛОРД мектеп-лицейіне 5 млн. теңгенің сертификаты табысталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы ЛОРД дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының ашылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Орта білім ордасы 30 жылдық мерейтойын Жастар сарайында салтанатты түрде атап өтті. Мереке «Лицей жұлдыздары»  атты оқушылар шеруімен басталды.  Оған халықаралық, республикалық олимпиадаларда және тағы басқа білімнің кез келген салалары бойынша жетістікке жеткен оқушылар сап түзеді.

Бүгінгі күнге дейін  лицейді 650-ден астам түлек тамамдап,  10 пайыздан астамы  ғылыми жолды таңдапты.

Салтанатты  шарада облыстық  білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков  лицейдің бірегей жетістіктері мен толағай табыстарына тоқтала келе мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілеп,   5 миллион теңгенің  сертификатын  тарту етті.   Сонымен қатар   оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етіп жүрген  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Салтанат Махмутова, бейіндік оқыту жұмысы бойынша директордың орынбасары, педагог-психолог-зерттеуші  Елена Симонова, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші  Анар Аубакирова «Мағжан Жұмабаев»  төсбелгісімен   марапатталды.  Бір топ ұстаздарға    облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты табысталды.

Салтанатты жиынға алыс-жақыннан келген құрметті қонақтардың құттықтаулары жеке кітап болып құрастырылып,  ЛОРД лицейінің тарихи мұражайында сақталатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz