Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Үміт» облыстық шығармашылық фестивалі өтті. Қатысушылар 4 аталым бойынша өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байқауда балалар вокал, хореография, аспапта ойнау, ыммен ән айту сынды аталымдар бойынша қатысты. Биылғы өнер бәйгесіне 7 мен 15 жас аралығындағы 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан өз бағын сынауға мүмкіндік алды. Өнерпаздарды қазылар алқасы бағалады.
– «Үміт» байқауы – дәстүрлі. Өкінішке қарай, карантин уақытында бұл өнер додасы тоқтап қалған болатын. Биыл бұл шараны қайта жандандыруды қолға алдық. Басты мақсат – даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін көрсету, — дейді облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы бөлімінің меңгерушісі Саян Ермек.
Байқау соңында жүлдегерлер анықталды. Биылғы шарада барлық қатысушылар сыйлықсыз қалмады.