Алдағы үш күнде облыста жауын-шашын жауып, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК СҚО мәліметінше, қараша айының алғашқы күндерінде қар аралас жаңбыр жауып, облыстың кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
1 қараша – сәрсенбі күні облыс аумағында қар жауып, кей жерлерде тұман болуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-батысқа өзгереді. Түнде ауа температурасы 3 градус аязды көрсетсе, күндіз сынап бағанасы +5 градусқа жылулыққа дейін барады.
Қарашаның 2-сі бейсенбі күні жауын-шашын жауып, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде желдің 20 метрді құрамақ. Түнде 0-5 жылу болса, күндіз 3-8 градусқа дейін жылынады.
Жұма күні жауын-шашын болмауы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында – тұман. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с. Түнде -3 аязға дейін салқындап, күндіз ауа температурасы 3-8 жылуды көрсетеді.