Петропавлда кекушинкай каратеден «Қала әкімі кубогы» үшін облыстық турнир өтті. Жарысқа 7 мен 13 жас аралығындағы спортшылар қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл облыстық деңгейде ұйымдастырылған сынға 37 салмақ дәрежесі бойынша 561 бала қатысуға ниет білдірді. «Жалпықазақстандық кекушинкай карате ұйымы» РҚБ СҚОФ директоры Владимир Витченконың айтуынша, осы жолы жарысқа өңірдің аудандарынан және қаладан барлығы 10 команданың каратешілері бақтарын сынады.
– Соңғы жылдары кекушинкай карате Есіл, Тайынша, Қызылжар аудандарында жақсы дамып келеді. Бұған қоса, Қққайың, Мамлют және М.Жұмабаев аудандарында филиалдарымыз бар. Барлықтары да жарыстан шет қалмады, — дейді Владимир Витченко.
Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақта жеңімпаз атанғандар желтоқсан айында өтетін ел біріншілігінде өңір намысын қорғамақ. Ал онда жеңіске жеткендер әлем чемпионатына жолдама алады.