«Қуаныш» волейбол клубы — Қазақстан кубогының иегері

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел кубогының финалында жергілікті «Қуаныш» клубы тарихи жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Биыл «Қуаныш» волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан кубогының иегері атанды. Финалда жерлестеріміз «Алматы» командасымен кездесті. 4 партияға жалғасқан ойында солтүстікқазақстандық бұрымдылар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Қуаныш» клубының ұжымын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

— Біздің қыздар бұл жетістікке қол жеткізу үшін көп еңбектенді. Команданың тарихи жеңісімен құттықтаймын. Облыс намысын абыройлы қорғап жүрген бұрымдылардың алдағы уақытта әлі талай белестерді бағындыратынына кәміл сенемін. Жеңіс құтты болсын! — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz