Петропавлда салынып жатқан құс фабрикасында жылына 10 тонна құс еті өндіріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі өрт сөндіру бекеті мен құс фабрикасының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД-ның мәліметінше, соңғы 3 жылдың ішінде қызыл жалынды ауыздықтауға және төтенше жағдайларды жою, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 860 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. 2021 жылы облыс аудандарының өрт сөндіру бөлімдерін қажетті техникамен қамтамасыз ету мақсатында 8 «КАМАЗ» маркілі көлік тапсырылды. Сондай-ақ бүгіндері «Береке» шағынауданында өрт сөндіру бекеті тұрғызылуда. Құрылыс алаңындағы жұмыстармен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Облыс әкімі «Петропавлский бройлер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан жаңа құс фабрикасының құрылыс алаңында болды. Кәсіпорынды тұрғызуға 2,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Белгілі болғандай, фабриканың ашылса, 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жылдық қуаты – 10 мың тонна құс еті. Ал «Зенченко и К» КС сүт зауыты өндірісін кеңейтіп, жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Бұл өндіріс ошақтың іске қосылуымен жылына 54 мың тоннаға дейін сүт өндірілмекші. Ғауез Торсанұлы бұл нысанда да болды.

photo 5334804781765613454 yphoto 5334804781765613453 yphoto 5334804781765613455 y

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz