Петропавлдағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жүрген келіншек Мәскеудегі өнер байқауында жүлделі орынға ие болды, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сотталған Самал Жақеева темір торға тоғытылғанға дейін шығармашылықпен айналысты. Сүйікті ісін түрмеде де тастамады.
Сотталғанның сурет салу қабілетін байқаған мекеме қызметкерлері оған Мәскеуде өтіп жатқан өнер байқауынан қатысуды ұсынды. «Христос и мир» майлы бояулармен бейнеленген өміріндегі алғашқы картинасы үшін Самал үш елдің қатысушылары арасында екінші орынға ие болды.
– Мен мекемеге келген соң сурет салуды өзім үйрендім. Шынымды айтсам, менің суретім талантты қатысушылар арасында екінші орын алады деп күткен жоқпын. Бұл менің майлы бояулармен бейнеленген алғашқы суретім болды. Мен оған барлық жанымды, ойымды, ішкі сезімімді салдым. Мекеме әкімшілігі мен жасақтағы қыздардың қолдауының арқасында өзімнің өнерімді толық көлемде аша алдым, – дейді Самал.
Мәскеуден тікелей жіберілген дипломды сотталғанға түрме қызметі жөніндегі епархия бөлімінің басшысы иеромонах Серафим табыс етіп, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Дарынды музыкант Батырхан Шукеновтің шығармашылығына арналған концерт аясында оның бейнесін дәл жеткізе біліп, портретті дайындады. Самал бәрінен бұрын адамдардың портреттерін салғанды ұнататынын, бірақ пейзаждарда өзін сынап көргісі келетінін айтады.