Жалпы бюджеттің 30%-дан астамы өңірлерге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мәжіліс жаңа үш жылдық бюджетті қабылдады. Бүгін мәжілістің жалпы отырысындағы республикалық бюджет жобасын талқылау барысында осы туралы айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Заң жобалары президент тапсырмаларын орындауға, өңірлерді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады.

Мархабат Жайымбетов қосымша баяндамасында мәжіліс депутаттарының тікелей араласуымен бюджеттегі 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат министрліктер, әкімдіктер арасында маңызына қарай қайта бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар кіріс – 16,3 трлн теңге болса, шығыс – 24 трлн теңге шамасында екенін айтты. Бюджет шығыстарын Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге көлемінде трансферттер есебінен жабу үрдісі жалғасып келеді.

Депутаттар Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт пен 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz