Петропавлда бокстан Камиль Сафинді еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтуде. Жарысқа 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1978 жылы өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1979 жылғы әлем кубогының иегері Камиль Сафинді еске алуға арналған турнирге еліміздің әр өңірінен және көрші Ресейдің қалаларынан 70-тен астам спортшы келді. Олар 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.
– Камиль Сафинді еске алуға арналған турнир осымен 10-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жарыс 5 күнге шақталған. Оның жүлдегерлері мен жеңімпаздарына медальдар мен кубоктар табысталады, — дейді облыстық бокс мектебі директорының орынбасары Антон Лопатин.