Ерекше балаларға арналған орталық ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Балалар инклюзивті академиясы» қоғамдық бірлестігінің филиалының орталығы ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Орталықта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ортаға тез бейімделіп, қалыптасуына жағдай жасалған. Мұнда қолдауды қажет ететін 4 пен 17 жас аралығындағылар тәрбиеленеді.

– «Балалар инклюзивті академиясы» ҚБ өңірлердегі 7-інші филиалын ашып отыр. Бұл жерде әзірге 47 бала арт-терапия үйірмесіне тегін қатыса алады. Кейін балалармен психологтар, логопедтер жұмыс істейді. Мүмкіндік болса, осы жылы ерекше балалар үшін мектеп ашу жоспарда бар, — дейді «Балалар инклюзивті академиясы» ҚБ СҚОФ басшысы Айнагүл Мұрзахметова.

Алдағы уақытта балаларға жаңа әрі заманауи талаптарға сай түзету кабинеттері де ашылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz