Қазақстан халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстандықтардың 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады. Мұндай дерек Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинақта келтірілген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

— Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі қатты өзгерген жоқ – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%», – делінген Ұлттық статистика бюросының Telegram арнасында 2023 жылғы 2 қарашада жарияланған хабарламада.

Статистика бойынша, еш дінге сенбейтіндер үлесі 2,8%-дан 2021 жылы 2,3%-ға дейін төмендеді.

— Санақ қорытындысы бойынша респонденттердің 11% қандай да бір дінге қатысын көрсетуден бас тартқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұндай бас тартқандардың үлесі 0,5% болған, – дейді Ұлттық статистика бюросының мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz