Коммуналдық қызметтер қыс маусымына әзір

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қысы қытымыр теріскейде қар ерте жауатыны жасырын емес. Сондықтан қылышын сүйреп келген мезгілде коммуналдық кәсіпорындар мен құтқару қызметтерінің техникасы кез келген жағдайда тұрғындарға көмекке келуге әзір болуы тиіс. Бұл ретте облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тиісті жұмысқа жұмылдырылатын көліктерді тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс орталығы көшелерін ақ ұлпадан тазалауға коммуналдық қызметтердің техникасы жұмылдырылып отыр. Белгіленген аумақтарда кәсіпорындар қарды шығарып, құм-тұз қоспасы жолдың қауіпті аймақтарына себілуде.
– Қарды шығаруға жауапты мердігерлермен кездестім. Қыста көшелерді тазалау кезінде үйлесімді және жедел жұмыстың маңызы жоғары. Тұрғындардың қолайлығы мен қауіпсіздігі үшін көшелер мен жаяу жүргіншілер жолына құм-тұз қоспасы және реагенттер себуді ұдайы жүргізуіміз керек, – деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өңір басшысы Ғауез Торсанұлы.
photo 5341292226787005243 y photo 5341292226787005247 y
Жалпы қыста қала көшелерін қардан тазалау жұмыстарына 300-ге жуық техника жұмылдырылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz