Өңір полицейлері колледж оқушыларымен кездесуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері балаларды қылмыстан қорғау мақсатында ата-аналар жиналысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірдің тәртіп сақшылары ақпараттық жұмысты қазанның 26-нан бастап, «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізіп жатыр. Оған ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Мақсат – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғалуын нығайту, криминалдық әрекеттермен айналысуына жол бермеу.

– Мектеп демалысы кезіндегі ақпараттық жұмыстар колледждердің оқушыларына бағытталған. Полиция қызметкерлері жастардың құқықтық сауаттылығын арттырады, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда қарастырылған жауапкершілік жайлы айтады. Бүгінгі таңда олардың есірткі саудасына еріп кетуіне қауіп зор. Оңай ақшаға кенелемін деген жастар болашақтарына балта шабады. Ақпараттық кеңістіктегі әр ақпаратты мұқият тексеріп алған жөн. Өйткені жасөспірімдер экстремизмге немесе суицидидке итермелейтін топтардың құрамына кіріп кетуі де мүмкін. Біз жасөспірімдерді, жастарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз, ал ата-аналардан балаларының бос уақытын, виртуалдық әлемін де қадағалап отыруды сұраймыз, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ полицейлер интернет-алаяқтықтың кең таралған схемаларын да еске салды. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке деректерді ешкімге бермеген абзал. Буллингке, қорқытып алуға және тағы басқа қылмыстарға ұшырамас үшін күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу қажет. Айдын Байматовтың айтуынша, балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы криминогендік жағдайды бірқалыпты ұстау – полиция жұмысы тиімділігінің ішкі істер министрі бекіткен негізгі индикаторы.

7f0e2962 b519 425d 9b03 55252c9cb1a2

Жыл басынан СҚО-да кәмелетке толмағандар тарапынан – 23, ал оларға қатысты 28 қылмыс жасалған. Күшейтілген профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz