Шынжыр арамен бетін жаралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны шынжырлы арамен ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, ауыз қуысы, төменгі жағы сынған және барлық тістері зақымданған 51 жастағы ер адам медициналық көмекке жүгінді. Белгілі болғандай, ол шынжыр арамен жұмыс істеген уақытында бетін жаралап алған.

– Науқастың жағдайы ауыр еді. Ол шұғыл түрде жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның ауыз қуысынан бөгде заттарды, қоқыстарды, кір бөлшектерін, ұйылған қанды шығарды. Жараны өңдеді. Алдағы уақытта сүйек қалдықтарын фиксациямен қайта орналастыру бойынша отау жасау қажет, — деп түсіндірді дәрігерлер.

Науқас 16 күн бойы медициналық бақылауда болды және ем қабылдады. Бүгіндері ол үйіне жіберіліп, амбулаторлық түрде ем алуда.

Дәрігерлер шынжырлы арамен жұмыс істеу кезінде қорғаныс құралдарын қолдану керек екенін еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz