Прокурорлар сотта ақталған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста мас күйде рөлге отырған ер адамды сот жауапкершіліктен босатты. Алайда іске араласқан прокурорлар заң бұзған жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Уәлиханов ауданында ер адам мас күйде рөлге отырып, көлікпен бірнеше жерге барған. Жүргізуші әкесіне көмек керек болған соң мұндай құқықбұзушылыққа барғанын алға тартты. Сот азаматтың әрекетін құптап, жүргізушіні жауапкершіліктен босатуды шешті.

– Жүргізуші орта деңгейдегі мас күйінде көлікпен аудан орталығында жүрген. Ол банкомат пен дәріханаларға барған. Медициналық мекемелерге бармады, жедел жәрдемге жүгінбеді. Прокурор аталған қаулыға апелляциялық өтінішхат алып, жүргізушінің іс – әрекеті аса қажеттілік болып табылмағанын, ал мән-жайлар жауапкершіліктен құтылу тәсілі ретінде пайдаланылғанын растайтын материалдар ұсынды, – деп түсіндірді прокуратура.

Апелляциялық сатыдағы сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Жүргізуші 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz