Солтүстікқазақстандықтардан сотқа 6 352 арыз-өтініш түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл алғашқы жартыжылдықта қазақстандықтар тарапынан еліміздегі соттарға 289 500 өтініш түскен. Мұны ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жолданған ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жауабында жазылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Биыл 6 айда бірінші сатыдағы соттардың қарауына 289 500 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық. 199 692 өтініш бойынша іс қозғалды. Бұл былтырмен салыстырғанда 33,9%-ға көп. Қанағаттандырылған талап арыздар – 117 985, бас тартылған арыздар – 15 006, — делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған деректерде.

Ең көп өтініш Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Қарағанды және Алматы облыстарының соттарына түскен. Нақты тоқталсақ:

  1. Астана – 22 545 өтініш;
  2. Алматы — 69 254 өтініш;
  3. Шымкент — 14 318 өтініш;
  4. Абай облысы — 7 692 өтініш;
  5. Ақмола облысы — 8 777 өтініш;
  6. Ақтөбе облысы — 11 363 өтініш;
  7. Алматы облысы — 16 994 өтініш;
  8. Атырау облысы — 9 133 өтініш;
  9. Шығыс Қазақстан облысы — 10 510 өтініш;
  10. Жамбыл облысы — 12 163 өтініш;
  11. Жетісу облысы — 7 825 өтініш;
  12. Батыс Қазақстан облысы — 9 902 өтініш;
  13. Қарағанды облысы — 20 532 өтініш;
  14. Қостанай облысы — 11 882 өтініш;
  15. Қызылорда облысы — 10 299 өтініш;
  16. Маңғыстау облысы — 9 401 өтініш;
  17. Павлодар облысы — 12 712 өтініш;
  18. Солтүстік Қазақстан облысы — 6 352 өтініш;
  19. Түркістан облысы — 13 785 өтініш;
  20. Ұлытау облысы — 3 126 өтініш.

 — Сот еліміздің келесі өңірлерінде түскен өтініштерден бас тартты: Алматы (3 358), Астана (2 210) қалаларында, Қарағанды (993), Қостанай (739) және Ақтөбе (689) облыстары, — делінген комитет жауабында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz