Президент: «Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі өте маңызды»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданып, құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін, — деді Мемлекет басшысы.

Жиынға ТүркияӘзербайжанӨзбекстанҚырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан премьер-министрі мен Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов бақылаушы елдің өкілі ретінде қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz