Солтүстікқазақстандық оқушылар бас жүлдені қанжығаларына байлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астанада «Stem Олимпиада – білім берудегі инновация» атты халықаралық олимпиадасы өтті. Оған өңіріміздің 8 бен 11-ші сынып аралығындағы оқушылар да қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халықаралық білім бәйгесі «Riviera International School by Quantum» мектебінің базасында робототехника бағыты бойынша ұйымдастырылды. Бұл сынға өңір атынан 3 команда қатысты. Олар – ЛОРД мектеп-лицей-интернаты, БЭСТ гимназиясы мен Әбу-Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты.

Сайыс қатысушылары роботты құрастыру, бағдарлама жасау және инженерия бойынша білімдерін көрсетті. Бұл жолы Әбу-Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушылары бас жүлдеге қол жеткізді. Команда 4 баладан тұрды. Сондай-ақ аталмыш білім ордасының шәкірттері Батырхан Шитканов пен Дархан Төлеген «Astana it University» жоғары оқу орнының гранттарын иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz