Қазан айының қорытындысы бойынша облыстағы инфляция 12,1 пайызды құрады. Бұдан өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасының 12-12,6 пайызға өскенін көруге болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, бір жыл ішінде күріштің құны айтарлықтай өсті – шамамен 48%, тұздалмаған сары май – 29%, жұмыртқа – 19%. Сүт өнімдері 16% – ға, жаңа піскен жемістер 7,5% – ға, көкөністер 5,7% — ға қымбаттады. Қызылшаның бағасы 33% – ға, ақ қырыққабат 25% – ға, сәбіз 24% — ға өсті. Картоп пен пияз аздап арзандады, Жарма — шамамен 2%. Алкогольді және алкогольсіз сусындардың бағасы 16% — ға өсті.
Киім мен аяқ киім 12% – ға, фармацевтикалық өнімдер 9% – ға, кітаптар мен кеңсе тауарлары 6% — ға, көмір 14% — ға, бензин 12% — ға қымбаттады.
Электр энергиясына, көлік қызметтеріне, амбулаторлық тарифтер де қымбаттады. Қазіргі күні тұрғын үйді жалға алу ақысының 10 пайызға өскенін байқауға болады.