СҚО-да жүк көлігі 16 бас ұсақ малды қағып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелді. Қарашаның 3-і күні Солтүстік Қазақстан облысының «Белеградовка – Жаңаесіл» аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежеуді қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 16 бас ұсақ мал зардап шекті. Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.