Велосипед ұрлаған қала тұрғыны ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері гараж қабырғасын тесіп кіру арқылы жасалған ұрлықты ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақында Петропавл тұрғынына бәзбіреу 15 мың теңгеге «Trinx» велосипедін сатып алуға ұсыныс тастаған еді. Бұған келіскен азамат көп ұзамай велосипедті полицейлерге қайтаруға мәжбүр болды. Белгілі болғандай, сатушы екі доңғалақты көлікті «Путепровод-2» гараж кооперативіндегі көлікжайынан тағы бір басқа велосипедпен және титанды автодискілермен бірге ұрлаған. Шығын сомасы 310 мың теңгені құрады.

Жәбірленушінің арызына сәйкес, қылмыс сәуір айының екінші жартысында жасалды. Белгісіз қылмыскер көршілес орналасқан көлікжай арқылы қабырғаны сындырып кірген. Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

— Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ұрланған заттың бір бөлігі тәркіленді, қалған мүлікті іздестіру шаралары қабылдануда. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Азаматтардан шығу тегі күмәнді тауарларды қолдан сатып алмауды сұраймыз. Осы арқылы қылмыскерлерді жаңа ұрлыққа итермелейсіздер, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы Ербол Тайбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz