Қарашаның 5-сі күні елімізде алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Саяси науқан облыстың Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарында да ұйымдастырылдыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сайлау қорытындысы жарияланған соң облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудан әкімдері сайланған аймақтарға барып, жаңа басшыларға жұмыста сәттілік тіледі.
Өңір басшысы Мамлют ауданы тарихында тұңғыш рет әйел әкім болып отырған алға тартып, жаңа басшыны жергілікті атқарушы билік өкілдеріне танысты.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі аудандарды одан әрі дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндеттерді атап өтті. Әкімдерге ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жаңа жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвесторлар тарту, инфрақұрылымды дамыту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту және жолдар салу міндеті жүктелді. Білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамыту да басты назарда екенін жеткізді Ғауез Торсанұлы.