Шетелдік автокөліктерді заңдастыру мерзімі ұзартылды. Науқан жыл соңына дейін өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдерінің хабарлауынша, өңірде шетелдік көліктерді заңдастыру аясында қаңтардың 23-і мен қараша аралағында 10 501 теміртұлпар қазақстандық құжат алды. Оның 227-сі – құрастырылған көлік болса, 881 жылжымалы мүлік.
— Биыл шетелдік көліктерді заңдастыру желтоқсанның 31-не дейін ұзартылды. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды, — дейді облыстық әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.
Бүгіндері ел көлемінде 237 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды.