Ауруханадағы заңбұзушылықтар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық тексеру комиссиясы Тимирязев аудандық ауруханасында жалпы сомасы 54,3 млн. теңгені құрайтын заңбұзушылықтарды анықтады. Оның 52,7 млн. теңгесі – тиімсіз жоспарлауға тиесілі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тексеру комиссиясының мәліметінше, келтірілген шығын 1,7 млн. теңгені құрады. Осы соманың 454,5 мың теңгесі кәсіпорынның кірісіне өтелуге, 1,2 млн. теңгесі қалпына келтіруге жатады.

— Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін, әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін бұзу фактілері бойынша материалдар ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жіберілген материалдар бойынша аудит объектісі 60,3 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікті екі лауазымды тұлға көтерді, — деп хабарлайды тексеру комиссиясы.

Аудит объектісіне және уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz