Петропавлда «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байқау «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Облыстық кезеңге қатысуға 225 мұғалім өтініш берген болатын.
Биылғы жылғы байқаудың ерекшелігі – бұрынғыдай пәндік бағытта емес, қазіргі заман талабына сай функционалдық сауаттылығын дамыту, соның ішінде цифрлық, математикалық, оқу, жаратылыс сауаттылығын дамыту, жалпы 12 бағыт бойынша жұмыстар қабылданды. Нәтижесінде 1-ші орынды 30 мұғалім, екінші орынды 21 мұғалім иеленді. Ал 3-ші орынға табан тірегендердің саны – 12. Енді облыстық кезеңде жеңіске жеткен 30 педагог республикалық деңгейдегі сайыста бақтарын сынайды.