Еңбегі еленген студент

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенті Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілші.

Стипендияға ие болған Ақерке Әбиева өнер колледжінде «Академиялық вокал» мамандығы бойынша оқиды. Бойжеткен қазан айында «Global art competition – 2023» халықаралық жас орындаушылар байқауына қатысып, бірінші орынды иеленді.

– Карантин уақытында қашықтан оқып, бірнеше халықаралық байқауға қатысып үлгердім. Чехия, Грузия және Түркия елдеріндегі конкурстарда 1-ші орын бұйырды. Соңғы байқауда екі кезеңнен мүдірмей өтіп, жеңімпаз атандым. Мінекей, еңбегім еленіп, стипендия ұтып алдым, — дейді Ақерке Әбиева.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры өткен жылдан бері жақсы нәтижелерге қол жеткізген студенттің еңбегін елеп, шәкіртақы тағайындады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz