Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде спорттық бағдарламалау федерациясының өкілдігі ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұған дейін өңірде спорттық бағдарламалау федерациясының өкілдігі болмаған. Биыл орайы түсіп, аталмыш ұйымның филиалы ашылып, облыстағы өкіл ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Виталий Мельников тағайындалды. Педагогтың 13 жылдық тәжірибесі бар. Білікті маман робототехника және әр түрлі деңгейдегі бағдарламалау жарыстарына қатысып, республикалық деңгейдегі байқаулардың жүлдегерлерін даярлап келеді.
Виталий Мельниковтің жетекшілігімен 2022 жылы «Microsoft» корпорациясы ұйымдастырған Халықаралық қыздар Хакатонында мектептің командасы 1-орыннан көрінді.
Алдағы уақытта мектепте жұмыс істейтін өкілдік өңірде спорттық бағдарламалауды дамытуға және насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар мен жарыстар өткізетін болады.