Қазақстанда апта сайын мыңнан астам адам қызылша жұқтыруда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда қызылшамен ауырғандардың апта сайынғы өсімі 1300 адамнан асты. Көбінесе бұл қауіпті дертке жас балалар шалдығады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қызылша ауруының көбеюі туралы мәліметтерді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты.

Бүгінгі таңда қызылшаны жұқтырған 13 мың адам анықталса, оның 11 мыңы балалар. Манар Смағұл қауіпті дерттің нақты емі жоқ, бірақ оның алдын алудың жолы екпе екенін айтты.

Еліміздегі емханалар дер кезінде екпе алмаған ересектер мен балалармен байланыста болған адамдарды иммундау жүріп жатыр. Бүгінге дейін сегіз мың балаға екпе салынды.

— Әсерін сәл кейінірек көреміз. Иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек, вакцина алғаннан кейін адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту керек, өйткені иммунитет қалыптасуы үшін 2 апта қажет. Қызылшаның салдары өте ауыр. Статистикаға сәйкес, 1000 науқас баланың біреуі қызылша энцефалитімен ауыруы мүмкін, — Манар Смағұл

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz