188
Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мүрдесін тауып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— 11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, — СҚО ПД баспасөз қызметі.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізіліп жатыр.