«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының шешімімен өңірлік кеңестің келісімі бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры болып Есжан Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Есжан Қабиұлы Оразалин 1970 жылы Шал ақын ауданының орталығы — Сергеевка қаласында дүниеге келген.
1995 жылы Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін «Ғалым агроном» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдайды.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының облыстық филиалында инженер-жерге орналастырушы, облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2022 жылға дейін бірқатар кәсіпорынға жетекшілік етті. Алғашқы үш жылда «Продкорпорация» акционерлік қоғамы облыстық филиалы директорының орынбасары болды, кейін бес жыл бойы осы кәсіпорынды басқарды. Содан кейін «Қазақстандық астық компаниясы» ЖШС өңірлік өкілдігінің тізгінін ұстады. 2014 жылдан бастап «Солтүстік» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.