Солтүстік Қазақстан облысының ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Qyzyljarnews.kz тілшісі СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық статистика департаментінің басшысы қызметшіні активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбай қызметке тағайындаған кезде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген. Бұл үшін ведомство жетекшісіне 100 АЕК (345 000 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылды. Өз кінәсін мойындаған соң оған белгіленген айыппұлдан 50% – 50 АЕК (172 500 теңге) өндіріп ала отырып, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметке үміткерлер мен олардың жұбайларын қызметке тағайындау туралы акт шығарылғанға дейін активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруы керек екенін еске салады.