Петропавлда жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықдиодты жол белгілері орнатылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жыл басынан бері облыста 327 жол-көлік оқиғасының 25-і жаяу жүргіншілер жолдарында тіркелді. Полицейлер жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыруға бағытталған рейдтерден бөлек, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына да ден қоюда.
Өткен аптадан бастап полицейлердің ұсыныстары бойынша оқу орындары мен адамдар көп жиналатын орындарға жақын орналасқан көшелердегі жол белгілері жаңартыла бастады. Жол белгілері жарықдиодты шамдармен жабдықталып жатыр.
Облыс орталығының жол желісінде жарықдиодты жарықтандырылған белгілермен жабдықталған барлығы 46 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған. Қазіргі уақытта тағы да 10 жаяу жүргіншілер өткеліндегі белгілер жаңартылуда.