Өңірлік орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев журналистер алдында есеп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, Аққайың ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген 356,1 млн. теңгеге 3 жоба жүзеге асты.
– Полтавка және Рублевка ауылдарындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 243,7 млн. теңге жұмсалды. Аралағашта ауылдық клуб та қалыпқа келтірілді. Нәтижесінде қарастырылған 112,4 млн. теңге толық игерілді, – деді Рүстем Елубаев.