Қызыл жалынға оранған пәтерден 10 адам құтқарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, қызыл жалынды ауыздықтауға 4 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 20:20-да «101» пультіне Алтынсарин көшесі, 231/1 мекенжайында бес қабатты үйдің 1-ші қабатында орналасқан 2 бөлмелі пәтерден өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел түрде өртсөндірушілер жіберілді.

– Пәтерде тұрғындардың жеке заттары жанып кетті. Қызыл жалыннан 10 адам құтқарылды. Оның 4-уі бала. Сондай-ақ көпқабатты баспананың 20 тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. 1964 жылғы ер азамат көміртегі тотығымен улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. От сағат 21:00-де ауыздықталды, — дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің шарпыған ауданы 7 шаршы метр, қазіргі күні материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz