Прокурорлар мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста соңғы 10 айдың ішінде прокурорлар 648 азаматтық іс қарады. Оның барысында заңсыз шешімдерге 20 апелляциялық шағым түсіп, сот актілерінің күші жойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, апелляциялық өтініштерін қарау нәтижелері бойынша 132 миллион теңге көлемінде мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды.

– 2021 жылдың қарашасында К қала тұрғыны Петропавл қаласында көлік жүргізіп келе жатып, жүргізуші А-ның басқаруымен келе жатқан машинамен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына К кінәлі деп танылды. Биыл 17 наурыздағы №2 қалалық соттың шешімімен 1 602 510 теңге көлемінде келтірілген залалды, яғни К-ның көлігін қалпына келтіруге «Коммунхоз» кәсіпорнына жауапқа тартылды. Оның негізгі себебі, талапкер К жол жамылғысының нашар жағдайына байланысты апат жасағанын алға тартты. Бұл ұйғарыммен келіспеген прокурорлар қарсы жолаққа шығу жолдың дұрыс ұсталмауына байланысты емес екенін айтты.
Апелляциялық сатыдағы сот прокуратураның дәлелдерімен шешімді бұзып, талапкердің өзінің кінәсінен келтірілген зиянды өтеу туралы шешім қабылдады, — делінген СҚО прокуратурасы хабарлмасында.

Азаматтық істерді сот отырыстарында қарау кезінде анықталған заң бұзушылық бойынша соттар қатысушы прокурорлардың өтініштері бойынша 45 жеке ұйғарым шығарды, оларды қарау бойынша 17 лауазымды тұлға тәртіптік, 2 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz