Жоғалған малшылар табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қарашаның 18-і күні облыстың үш ауданда мал бағып жүрген ер адамдар жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тимирязев ауданы Степной ауылының 39 жастағы тұрғыны сағат 18:46-да жоғалып кеткен. Оны іздеуге тоғыз адам және төрт бірлік техника жұмылдырылды. Ер адам үйге сағат 23:36-да оралды.

Айыртау ауданында сағат 22:44-тен бастап кешкі сағат 19.00-де мал іздеп кеткен 50 жастағы ер адамға іздеу салынды. Бүгін сағат 3:28-де ол Антоновка ауылына өз бетінше жетті. Оны 12 құтқарушы мен полиция қызметкері іздеген.

Жамбыл ауданында 60 жастағы ер адам кешкі сағат 22.00 шамасында Майбалық және Украинка ауылдарының арасында жоғалып кетті. Ауыл тұрғыны да мал бағуға шыққан. Оны туыстары далада түнгі сағат 01.00 шамасында тапты.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер жұмылдырылды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz