«Бидайық» автомобильдерді өткізу пунктінде пилоттық жоба іске қосылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Бидайық» автомобильдерді өткізу пунктінде CarGoRuqsat электронды кезегі іске қосылды. Пилоттық жоба 1 қарашада іске қосылса, сол уақыттан бері 400-ге жуық жүк көлігінің жүргізушілері жаңашылдықты пайдаланғанды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

CarGoRuqsat электронды кезегі Ресеймен шекарада көліктердің бір уақытта жиналып, кептелісті болдырмау, осылайша жұрттың уақытын үнемдеу үшін енгізілді.

— Жүк тасымалдаушылар жаңашылдық туралы алдын ала ақпараттандырылды. Жеңіл автомобильдер мен автобустарға кезекті брондау қажет емес. Қазақстаннан шыққан кезде адамдардың, көлік құралдарының, жүк пен тауарлардың өткізу пунктінің аумағына кіру тәртібін Мемлекеттік кірістер органдары әкімші кабинеті арқылы бақылайды. Ал үкіметаралық келісімдер негізінде жануарларды, ауыр салмақты, тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдайтын жүк көліктері, ҚР экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында экспортқа арналған тауарлар, инвестициялық жобалар мен мемлекеттік тапсырыстарды іске асыру аясында жол жүру құқығы бар пошта операторлары, заңды және жеке тұлғалар және жедел өту үшін төлем жасағандар кезектен тыс шекарадан өте алады, — дейді СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дамир Нұрғалиев.

Электрондық кезекке сайт немесе мобильді қосымша арқылы тіркелуге болады. Бірақ ол үшін электронды-цифрлық қолтаңба қажет. Бағдарлама мемлекеттік мәліметтер базасымен байланысты, сондықтан автоматты түрде брондау кезеңінде көлік жүргізушіде сақтандыру полисі, тасымалдауға рұқсат, көлікке, сондай-ақ жүргізушіге іздеу жарияланбағандығы, ақылы жолдар бойынша берешек және басқа да ақпарат тексеріледі.

— Төлем тіркеушінің есеп шотына қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз жасалады. Автомобиль көліктерін, жүкті және тауарды мемлекеттік шекара арқылы өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өту төлемақы мөлшері Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес айқындалады, — дейді Дамир Нұрғалиев.

Егер жүк көлігі брондауға сәйкес сол күні, сол сағатта шекарадан өтпесе, электрондық кезектің күші жойылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz