«Құлагер» командасы екі кездесуде жеңіске жетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы сырт мұз айдынында «Алматы» командасымен ойнады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында құлагерліктер «Алматы» клубына қарсы екі ойын өткізіп, қос кездесуде де жеңіске жетті. Бірінші матч солтүстікқазақстандық хоккейшілер пайдасына 3:4 есебімен аяқталды.

Ойынның бірінші кезеңінде алматылық команда есеп ашты. Шайбаны қақпаға Степан Штефан дарытты. Кейін көп ұзамай жерлестеріміз таразы басын теңестірді. Бұл жолы Виталий Шульга көзге түсті.

Екінші кезеңде бірінші болып «Алматы» ойыншылары алға шықты. Степан Штефан дубль авторы атанды. Одан соң Александр Своеволин есепті теңестірді. Ойынның екінші бөлімінің соңғы минуттарында жерлестеріміз алға шықты.

Кездесудің үшінші бөлімінде Александр Своеволин тағы да көзге түсіп, есепті еселеді. Ал ойын соңында алматылықтартар сапында Сергей Твердохлебов есеп айырмасын қысқартты. Осылайша бірінші ойында жерлестеріміз 3:4 есебімен жеңіске жетті.

Қарымта кездесуде қақпаға төрт шайба кірді. Бірінші кезеңде «Құлагер» клубы сапында Никита Тарлецкий нәтижелі соққы жасаса, ойынның екінші бөлімінде бірде-бір команда соғылмады. Үшінші бөлімде солтүстікқазақстандықтар құрамында Иван Казаченко және Никита Потаповтар көзге түссе, алматылықтарда Сергей Машинец қақпаны дәл көздей алды. Қорытынды есеп 1:3.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz