СҚО полицейлері бір түнде жол үстінен шығып кеткен 20-дан астам көлік жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысындағы қолайсыз ауа райы полиция мен жол қызметтері үшін үлкен сынаққа айналды. Сенбі күні сағат 19:00-ден жексенбі күні сағат 07: 00-ге дейін облыста республикалық және облыстық маңызы бар барлық жолдар жабылды.
Патрульдік полиция батальоны қызметінің қызметкерлері Ризабек Ерсайынов пен Данияр Нұртазин Ақтөбе қаласынан келе жатқан 32 жастағы кәсіпкерге көмек көрсетті. Ол «Opel Astra» автокөлігін басқарып келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай «Екатеринбург — Алматы» автожолының 780 шақырымында жол шетіне шығып қалған. Жүргізуші «102» арнасына қоңырау шалып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары ақтөбелік жүргізушіге көмек көрсетті.