— Облыстық перинаталдық орталықта қызылша инфекциясы тіркелмеді. Ауру еңбек демалысында баласымен бірге болған дәрігерден анықталды. Ол емдеу мекемесіндегі емделушілермен байланыста болмаған. Перинаталдық орталықта карантин енгізілмеді. Бірақ босанатын әйелдің қасына серіктес болып кіруге тыйым салынды, — деп мәлімдеді СҚО денсаулық сақтау басқармасында.
— Қызылшаның инкубациялық кезеңі ұзақ, келушілердің бірі тасымалдаушы болуы мүмкін. Науқастар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін осындай шешім қабылданды, — деп түсіндірді баспасөз қызметі.