ВИЧ жұқтырғандардың 87% антиретровирустық терапиямен қамтылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында 1,5 мыңға жуық адам ВИЧ диагнозымен мамандардың есебінде тұр. Сырқаттардың өмір сүру сапасын жақсарту және қауіпті дерттің әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында жұқтырғандардың 87% антиретровирустық терапиямен қамтылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Адамның иммун тапшылығы вирусы бүкіл әлемде әлі де емделмейтін аурулар қатарында.

СҚО ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес орталығының директоры Айман Сыздықованың айтуынша, антиретровирустық терапияны қабылдау арқылы ВИЧ жұқтырған адамның қанында вирустың мөлшері азаяды, оның өмір сүру сапасы жақсарады және ұзақтығы артады.

— Облыстық ЖИТС орталығы мамандарының маңызды міндеттерінің бірі -АИТВ-мен өмір сүретін тұрғындарды емделуге бейімдеу. Антиретровирустық терапия вирустың көбеюіне жол бермейді. Бұл иммундық жүйені қалпына келтіруге, инфекциялармен күресуге және ЖИТС-тің әрі қарай асқынбауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ем профилактикалық әсерге ие. Егер ВИЧ-ке оң мәртебесі бар адам антиретровирустық препараттарды қабылдаса, дертті жұқтыру қаупі айтарлықтай төмендейді. Алайда емдеудің тиімділігін арттыру үшін осы терапияны бастаған адам дәрі-дәрмектерді күнделікті және өмір бойы қабылдап, дәрігердің барлық нұсқауларын қатаң ұстануы керек, — дейді Айман Сыздықова.

Бүгінгі таңда СҚО-да ВИЧ-пен өмір сүретін 1,5 мыңға жуық адам есепте тұр. Осы жылдың 10 айында қауіпті вирусты жұқтырудың жаңа 116 жағдайы анықталды. Олардың 64% — ерлер. Есірткіні инъекция арқылы қолдану салдарынан ВИЧ-ті 5,2% төмендеген.

— АИТВ инфекциясын емдеудің тиімділігі қандағы вирустың деңгейімен анықталады.

Антиретровирустық терапия препараттарын қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру үшін пациенттермен үлкен жұмыс жүргізіледі. Осының арқасында емделуге деген ұмтылыс жыл сайын артып келеді. Әрі қазіргі препараттар ағзаға минималды жанама әсер етеді.

Бүгінгі таңда облыста АИТВ жұқтырған, есепте тұрған адамдардың 87% антиретровирустық терапиядан өтіп жатыр. Бұл республикалық көрсеткіш деңгейіне сәйкес келеді. 2022 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш аймақ бойынша 83%болатын, — дейді орталық директоры.

Маманның айтуынша, 20 қарашадан 1 желтоқсан аралығында Қазақстанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында онкүндік өтеді.

Ал АИТВ-ға тестілеуді тұрғылықты жер бойынша емханаларда, ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта және жеке зертханаларда тапсыруға болады. Бұл процедура тегін, әрі құпия түрде жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz